Түрікше үйрену клубының алғашқы сабағы болды.

Yazıcı-dostu sürüm

Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығы Назарбаев университетінің студенттеріне сабақтан тыс  түрікше тіл қабілеттерін дамытуға арналған "Түрікше сөйлесу клубын" ашты.

Назарбаев университетінің әртүрлі бөлімдерінде оқитын студенттер қатысатын Түрікше сөйлесу клубының ашылу рәсімінде Назарбаев университеті түркология факультетінің басшысы Юлай Шамильоглу мен Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығы директорының міндетін атқарушы Алмагүл Исина сөз сөйледі.

А.Исина  өз сөзінде клубтың Назарбаев университеті мен Еуразия ұлттық университетінің талабына орай ашылғанын айта келе, мамыр айына дейін жалғасатын курстар арқылы  студенттердің сабақтан тыс уақытта түрікше тіл қабілеттерінің дамуына үлес қосуды мақсат ететіндерін тілге тиек етті.

Назарбаев университеті қазақ тілі және түркология бөлімінің меңгерушісі, профессор Юлай Шамильоглу студенттерге Түркі тілдерін кең түрде үйретуді мақсат еткендерін, олардың университетте қазақ және ағылшын тілімен қоса түрік тілін де жетік меңгерулерін қолдайтындарын атап өтті.

Жазға дейін жалғасатын клубтың жұмысы барысында студенттер түрік тілін үйреніп қана қоймай, түріктердің ас мәзірі, спорт және мәдениетімен де жіті танысуға мүмкіндік алады.