Емтиханға кіріңіз

Емтиханға кіріңіз

Yazıcı-dostu sürüm

1. Түрік тілі деңгейін анықтау емтиханы (TYS) дегеніміз не?

Түрік тілін шет тілі ретінде немесе ана тілі ретінде меңгерген тұлғалардың тіл біліктілігін анықтау үшін Юнус Эмре Институты тарапынан әзірленген, барлық негізгі тілдік дағдыларды бағалайтын халықаралық стандарттарға сай емтихан.

2. Түрік тілі деңгейін анықтау емтихананына кім кіре алады?

Шет тілі ретінде түрік тілін үйреніп жүргендер, Түркияның университеттеріне құжат тапсыру үшін түрік тілі біліктілігі сертификатын қажет ететін талапкерлер, шетелде түрлі мекемелерде түрік тілін үйреткісі келетін болашақ мұғалімдер, түрік тілін еркін меңгергендігін көрсететін сертификатқа қажеттілігі бар аудармашылар, қысқасы түрік тілі деңгейін анықтағысы келетін әр адам бұл емтиханға кіре алады.  

3. Түрік тілі деңгейін анықтау емтиханына не үшін кіруім керек?

Түрік тілі деңгейін анықтайтын емтихан – түрік тілін қаншалықты жақсы білетіндігіңізді анықтайтын және растайтын емтихан болып табылады. Бұл емтиханда жоғары бал алған жағдайда, сіз Түркия университеттерінде дайындық курсынан босатыласыз, жұмысқа қабылдану кезінде тілдік тестілеусіз тілді меңгергеніңізді дәлелдей аласыз, академиялық мақсаттарыңыз үшін қолдана аласыз.

4. Түрік тілі деңгейін анықтау емтиханына қалай тіркелуге болады?

Емтиханға кіру үшін sinav.yee.org.tr сайтында онлайн тіркеле аласыз.

5. Түрік тілі деңгейін анықтау емтиханы қандай бөлімдерден тұрады?

Халықаралық стандарттарға сәйкес әзірленген Түрік тілі деңгейін анықтау емтиханы “оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым (тәуелсіз айтылым, тәуелді айтылым)” бөлімдерінен тұрады. Оқылым, тыңдалым, жазылым және айтылым тіл дағдылары өлшенетін емтиханын жақсы тапсырған үміткерлерге Түрік тілі біліктілігі сертификаты беріледі.

6. Түрік тілі деңгейін анықтау емтиханы қалай жүзеге асады?

Түрік тілі деңгейін анықтау емтиханы 3 этапта өтеді. 1-этапта үміткерлер оқылым жіне тыңдалым; 2-этапта жазылым; 3-этапта айтылым сұрақтарына жауап береді.

7. Түрік тілі деңгейін анықтау емтиханы қанша уақытқа созылады?

Түрік тілі деңгейін анықтау емтиханының уақыты: оқылым 60 минут, тыңдалым 45 минут, жазылым 60 минут, тәуелсіз айтылым 5 минут, тәуелді айтылым 10 минут, яғни барлығы 180 минут.

8. Түрік тілі деңгейін анықтау емтиханы жылына қанша рет ұйымдастырылады?

Түрік тілі деңгейін анықтау емтиханы Юнус Эмре институты жариялаған және tys.yee.org.tr сайтында көрсетілген күндері жылына үш рет өткізіледі. Емтихан Түркияда және Юнус Эмре институты түрік мәдениет орталықтары орналасқан барлық елдерде бір мезгілде ұйымдастырылады.  

9. Түрік тілі деңгейін анықтау емтиханының үлгісін көре аламын ба?

tys.yee.org.tr сайтынан емтихан үлгісін жүктей аласыз.