Түрік тілін үйреніңіздер

Түрік тілін үйреніңіздер

Yazıcı-dostu sürüm

МӘДЕНИЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫНДА ТҮРІК ТІЛІН ОҚЫТУ

Біздің мәдени орталықтарымызда түрлі деңгейдегі топтарға түрік тілі курстары ұсынылады. Мәдени орталықтарымызда жалпы түрік тілі курстарынан бөлек, іскерлік түрікше, балалар үшін түрікше, аударма сабақтары, баспасөз және БАҚ түрікшесі сияқты арнайы курстар да ұйымдастырылады.

Мәдениет орталықтарымыз

 

ТАҢДАУЫМ – ТҮРІК ТІЛІ ЖОБАСЫ

Юнус Эмре институтының бастамасы бойынша Босния-Герцеговина, Грузия, Польша, Жапония, Египет, Черногория және Румыния сияқты елдердің бастауыш, орта және жоғары оқу орындарында түрік тілі элективті немесе міндетті екінші шет тілі пәні ретінде оқытылады.

Жоба шеңберінде түрік тілін ресми оқу бағдарламаларына элективті шет тілі ретінде енгізуге байланысты жұмыстар жасалып, оқу жоспары құрылды, бастауыш және орта білім беретін мекемелерде шет тілі ретінде түрік тілін үйрету бойынша зерттеулер жүргізілді.

 

ӨЗ ЕЛІНДЕ ТҮРІКШЕ ҮЙРЕНУ МҮМКІНДІГІ

Юнус Эмре институты Шет Елдегі Түріктер және Туыстас Қауымдастықтар басшылығымен (YTB) құрылған ынтымақтастық арқылы Түркия грантын жеңіп алған студенттердің Түркияға келместен бұрын өз елдеріндегі Юнус Эмре институттарында түрікше үйренулерін қамтамасыз етеді.

Түркия гранттары: www.ytb.gov.tr

 

ТҮРІКШЕ ЖАЗҒЫ МЕКТЕП

Жыл сайын ұйымдастырылатын Түрікше Жазғы Мектеп бағдарламасы шет елдерде жұмыс жасайтын Юнус Эмре институттарының оқушылары мен шет елдердегі түркология бөлімдерінде білім алатын түрлі мемлекеттерден келген қонақтардың қатысумыен жүзеге асады. Олар өз елдерінде үйренген түрік тілін Түркияда әрі қарай дамыту мүмкіндігін алады. Бұл жоба негізінде студенттер әрі тілдерін дамытады, әрі барған қалаларының тарихи және туристік орындарын білуге мүмкіндік алады.

Түрікше жазғы мектеп: turkceyazokulu.com.tr

 

ҚАШЫҚТЫҚТА ТҮРІК ТІЛІН ҮЙРЕТУ

Заманауи технологиялық мүмкіндіктерді пайдалана отырып дайындалған Қашықтықта түрік тілін үйрету порталы негізінде Юнус Эмре Институты түрік тілін уақыт пен орынға тәуелсіз оқытуды мақсат етеді. Бұл тұрғыда қашықтықта түрік тілін үйрету порталында деңгейлерге сәйкес жасалған сөз тізімдері мен грамматикалық құрылымдар кезек-кезегімен көрсетіледі және студенттер күнделікті өмірде жиі қолдана алатын құрылымдар төрт негізгі тілдік дағдыға негізделген іс-шаралар арқылы оқытылады.

Түрік тілін үйрету порталы: turkce.yee.org.tr

 

БЕЙНЕЛЕРМЕН ТҮРІК ТІЛІН ҮЙРЕНІҢІЗ

Йеди Иклим" атты түрікше оқулықтар негізгі алына отырып, түрік тілі саласының  білікті оқытушылары  тарапынан  дайындалған видео сабақтардың арқасында курсқа қатыспай -ақ түрікше үйрене аласыз.  Тақырыптар бойынша дайындалған видеоларды төмендегі сілтемеге өтіп көре аласыз.

Бейнелер

 

ТҮРІКШЕ ҮЙРЕТУ МАТЕРИАЛДАРЫ

Юнус Эмре институты қазіргі заманғы тіл үйрету әдістеріне негізделген оқу бағдарламаларын және материалдарды дамытуды салалық қажеттіліктерге және мақсатты аудиторияның қажеттіліктеріне сәйкес жүргізеді.

Балаларға арналған түрікше (ÇİT)

6-9 жас аралығындағы балалар үшін арналған. 4 жиынтықтан тұрады. 

(Дәріс кітабы, мұғалімнің нұсқаулығы, аудио CD)

Түрікше үйренемін

10-15 жастағылар үшін бағытталған A1- A2 деген екі деңгейде дайындалған. 4 жиынтықтан тұрады.  

(Дәріс кітабы, жұмыс кітабы, аудио CD)

Жеті климат түрік тілі

16 жастан жоғары кісілер үшін A1- C2, яғни 6 деңгейден тұрады.

(Дәріс кітабы, жұмыс кітабы, мұғалімнің нұсқаулығы, аудио CD)

Сөздерді суреттер арқылы үйренемін

A1 деңгейі үшін дайындалған, суреттер негізінде құралған тақырыптық сөздік болып табылады. 600 сөзден құралады. Сөздердің ағылшынша, орысша және арабша аудармалары да берілген.

Сөйлеу және жазу кітабы

A1 деңгейіндегі сөйлеу және жазу клубтарынан бөлек, түрік тілі курстарында қолданылу үшін әзірленген 186 сурет және оған қатысты материалдардан тұрады. 

Бейнежазба кітабы

A1- A2 деңгейлеріндегі түрік тілі курстарында қолданылу үшін әзірленген 32 тақырыптық видеодан және видеоларға қатысты материалдардан тұрады.

 

ТҮРІК ТІЛІ ДЕҢГЕЙІН АНЫҚТАУ ЕМТИХАНЫ (TYS)

Түрік тілі деңгейін анықтау емтиханы (TYS) – түрік тілінің халықаралық стандарттарға сай емтихан өткізуге қол жеткізу мен шетелдік студенттерді қабылдау ісін жеңілдететін саясатты қолдау мақсатында Юнус Эмре институты тарапынан әрі қарай дамытылған тіл деңгейін анықтау емтиханы болып табылады. Жылына 3 рет халықаралық стандарттарға сай жүзеге асатын емтиханда жоғарғы бал алған үміткерлер, Түркияда білім алу мүмкіндігін жеңіп алған кезде дайындық курсын оқудан босатылады және бұл жұмысқа тұрар кезде де үлкен артықшылық болып табылады.   

TYS: tys.yee.org.tr

 

ОҚЫТУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМІ

Юнус Эмре институты түрік тілін шет тілі ретінде оқыту саласындағы қызметкер қажеттілігін қамтамасыз ету үшін түрлі мұғалімдерді оқыту бағдарламаларын ұйымдастырады.

Институттың ұйымдастырған жобалары:

  • Шет тілі ретінде түрік тілін оқыту сертификат бағдарламалары
  • Шет елдік түркологтарға арналған түрік тілінің шет тілі ретінде оқытылу сертификат бағдарламалары
  • Шет тілі ретінде түрік тілін оқыту семинарлары
  • Мәдениетаралық бейімделу бағдарламалары
  • Қызметтегі оқыту бағдарламалары

 

ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТ ЕМТИХАНДАРЫ (YÖS)

Шетелдік студенттерге арналған емтихан (YÖS) – Түркияның жоғарғы оқу орындарында білім алғысы келетін шетелдік талапкерлердің тапсыратын және қорытындысын жоғарғы оқу орнына тапсырған кезде қолданатын естихан болып табылады. Институт келісім-шарт жасасқан университеттердің шет елдерде өткізетін шетелдік студенттерге арналған емтихандарды ұйымдастыруды қамтамасыз ете отыра емтихандардың қолайлы жағдайда өтуіне үлес қосады.

 

ТҮРІК ТІЛІН ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРМЕН ҮЙРЕТЕМІЗ!

Интерактивті тақталар, сертификатталған оқытушылар, қосалқы ресурстар, тақырыптық тіл постерлері, мақсатты аудиторияға сәйкес келетін курстық материалдар, 8-ден 16 адамға арналған U кабинеттері...  

Юнус Эмре институты ретінде, халықаралық тілдердің бірі – түрік тілін халықаралық алаңда шет тілі ретінде үйретуде, бұл тұрғыда оқушылардың қажеттіліктері мен заманауи тәсілдерді ескере отырып, курстық құралдарды осыған сай дайындаймыз.

 

ӘЛЕМГЕ ТҮРІКШЕ ҮЙРЕТЕМІЗ

2009 жылдан бері шет елдердегі орталықтарымыздың арқасында ұйымдастырылған түрік тілі курстарынан басқа, институттың қолдауымен шет елдердегі мемлекеттік оқу орындарында түрік тілінің элективті және міндетті екінші шет тілі пәні ретінде оқытылуы, сонымен қатар шет елдердегі түркология бөлімдеріндегі түрік тілі дәрістері негізінде 100.000-ға жуық адам түрік тілін үйренді.