Астанада түрік халық билері курсы ашылды!

Yazıcı-dostu sürüm

Астанадағы Юнус Эмре институты мен Қазақстан Республикасы Кәсіби би қауымдастығы бірлесе отырып, 2019 Жастар жылына орай Астанада 10-12 жасар балалар және ересектер үшін түрік халық билері курсы ашты.

Астана тұрғындары мен Қазақстандық БАҚ курсқа үлкен қызығушылық танытты. Юнус Эмре институты директорының міндетін атқарушы Алмагүл Исина «Астанада түрік халық билерін үйрететін басқа курс жоқ екенін, елордалықтардан келген талапқа орай ҚР Кәсіби би қауымдастығымен бірге ашылған курста дәстүрлі халық билерінің үйретілетінін» айтты.

Сәуір айына дейін жалғасатын курстарда Түркияның Бурдур мен Силифке сияқты аймақтарының билерін Түркияның әлемге әйгілі би ансамблі «Анадолы Атеши/Анадолы оттарында» өнер көрсеткен Мәдина Мұсатаева үйретеді.

Алғашқы сабақтан кейін 24KZ –те жарияланатын «Культвояж/Мәдениетке саяхат» бағдарламасына берген репортажында Мұсатаева: «Түрік мәдениетінің мыңдаған жылдық өмірлік тәжірибесінің нәтижесі ретінде пайда болған және  мағыналары өте бай халық билері осы курстың арқасында Астана халқына үйретіледі» деді.

Балалар тобының сабақтары аптада 3 күн, ересектердің сабақтары 2 күн болады, курстан кейін қатысушыларға сертификат беріледі. Сертификат алған бишілер Астанадағы Юнус Эмре институты өткізетін шараларда өнер көрсету мүмкіндігіне ие болады.