АСТАНАДА САДАҚШЫЛАР СЕРТИФИКАТТАРЫН АЛДЫ.

Yazıcı-dostu sürüm

Елордадағы Алатау спорт комплексінде 2018 жылғы 13 қараша мен 2019 жылғы 5 ақпан аралығында Садақшылар қоры мен Юнус Эмре институты бірлесе отырып ұйымдастырған түрік садақ ату курсының екінші кезеңінің сертификаттарын тапсыру салтанаты 2 наурызда Юнус Эмре түрік мәдениет орталығының ғимаратында өтті.  

Курста 36 сағаттық білім алған садақшылар сертификаттарын Түркияның Қазақстандағы Елшісі Невзат Уянык мырзаның қолынан алды. Уянык мырза сертификат тапсыру рәсімінде айтқан сөзінде «Курсқа қала халқы үлкен қызығушылық танытты. Бұл  бізді қатты қуанышқа бөледі. Садақ ату өнері- біздің ортақ мәдени құндылығымыз, түркі цивилизациясының ең ескі спорт түрінің бірі. Курс өткізудегі мақсатымыз дәстүрлі спорт түрін жандандыру және оны жас ұрпаққа үйрету болып табылады» деді. 
Астанадағы Юнус Эмре түрік мәдениет орталығының директорының міндетін атқарушы Алмагүл Исина  «бірінші және екінші кезеңде курстаға жалпы саны 100-ден астам спортшы қатысқанын және қазіргі күні Қазақстан бойынша дәстүрлі садақ ату өнерін үйрететін жалғыз курс екенін» атап өтті. Исина сондай –ақ, 2019 жылының Қазақстанда Жастар жылы болып жарияланғанын, осыған байланысты түрік садақ ату өнерін үйрететін курстың үшінші кезеңін ашуды жоспарлап отырғандарын» айтты. 

5 ақпанда аяқталған курстың екінші кезеңінен кейін ұйымдастырылған жарыста ерлер арасында Диас Ахметов, әйелдер арасында Анжела Тарыца бірінші орынды иеленген болатын.