ГӨБЕКЛІТЕПЕ КӨРМЕСІ НҰР-СҰЛТАНДА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Yazıcı-dostu sürüm

Түркияның Қазақстандағы Елшілігі елордадағы “Риксос” қонақүйінде Түркия Республикасының 96 жылдығына орай қабылдау шарасы өткізді. Қатысушылар саны көп болған осы  шара аясында Нұр-Сұлтандағы Юнус Эмре институты 2019 жылдың «Гөбеклітепе жылы» деп жариялануына орай адамзат баласының ең құнды мирасы деп есептелетін және 12.000 жылдық тарихтың бастауы саналатын Шанлыурфадағы Гөбеклітепе археологиялық алаңды қамтитын көрме келген қонақтарға ұсынылды.

Ашылу рәсімінде Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Невзат Уянык мырза мен Қазақстан Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Сағатбек Нұрахметов көрменің лентасын қиды. Ашылу рәсімінен кейін қонақтарға Гөбеклітепе туралы  мәліметтер берілді.

Көрмеге ҚР  Ұлттық Экономика министрі Руслан Дәленов, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев, Қазақтан Парламенті депутаттары Нартай Сәбилянов, Мұхтар Ерман, Серік Сейдуманов, Бейбіт Мамраев  және басқа  құрметті қонақтар болды.

«Адам мен өмір» деп аталатын Гөбеклітепе археологиялық көрмесі Қазақстандық БАҚ беттерінде кең түрде орын алды.