НҰР-СҰЛТАНДА 19 МАМЫР АТАТҮРІКТІ ЕСКЕ АЛУ, ЖАСТАР ЖӘНЕ СПОРТ МЕРЕКЕСІ АТАП ӨТІЛДІ.

Yazıcı-dostu sürüm

19 мамыр Ататүрікті еске алу, жастар және спорт мерекесіне орай 17 мамыр жұма күні Түркияның Қазақстандағы елшілігінде еске алу рәсімі және ауызашар бағдарламасы өтті.

Шараға Қазақстан Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Қарулы күштері өкілдері, түрік іскер адамдар, Түркияның мекемелері мен ұйымдарының өкілдері қатысты.

Шара ұлт –азаттық күрестің көшбасшысы Мұстафа Кемал Ататүрік пен қаруластарын бір минуттық үнсіздікпен еске алу рәсімімен басталып, кезекпен қос елдің ұлттық әнұрандары орындалды. Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Невзат Уянык мерекеге байланысты баяндама жасады. Баяндамадан кейін ұлт-азаттық күрес туралы қысқа видео көрсетілді.

Юнус Эмре орталығының түрік халық билері курсы балалар тобы түрік халық биін биледі, орталықтың түрікше курсы оқушылары ұлт-азаттық күрес тақырыбында өлеңдер оқыды. Шараға қатысушылар Юнус Эмре орталығы ашқан «Ататүрік фото көрмесін» тамашалады.

Шарада Қазақстан Қарулы күштерінің ұлттық –әскери патриоттық орталық оркестрінің өнерпаздары түрікше және қазақша шығармалар орындады. Бағдарлама соңында Түркия елшілігі тарапынан қонақтарға ауызашар берілді.