ЖАСТАР ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ МЕХМЕТ МУХАРРЕМ КАСАПОГЛУ АСТАНАДАҒЫ ЮНУС ЭМРЕ ИНСТИТУТЫНДА БОЛДЫ.

Yazıcı-dostu sürüm

Түркі Кеңесі мемлекеттері жастар және спорт министрлерінің үшінші отырысына қатысу үшін Астанаға келген Түркия Республикасы Жастар және спорт министрі Мехмет Мухаррем Касапоглу Астана Юнус Эмре  институтында болып, түрікше үйренуші жастармен кездесті.

Касапоглу Астана Юнус Эмре  институтының директорының міндетін атқарушы Алмагүл Исинадан орталықтың атқарып жатқан жұмыстары туралы мағлұмат алды және түрікше үйренушілермен әңгімелесті.

Түркі халықтарының тарихының бір екенін баса айта отырып, осы ортақ құндылықтардың аясын кеңейту керек екенін және бұл істі жастардың атқаратынын атап өтті.

Сондай -ақ, Түркі Кеңесі тарапынан 2019 жылы Көкшетаудың Зеренді ауданында өткізілуі жоспарланып отырған Түркі әлемі жастар лагері мен 2020 жылы Түркияда ұйымдастырылатын төртінші Дүниежүзілік көшпенділер ойынына орталығымыздың оқушыларын шақырды.