Түркия Ұлы ұлттық парламентінің вице спикері Мұстафа Шентоп Юнус Эмре түрік мәдениет орталығында болды.

Yazıcı-dostu sürüm

26 қараша дүйсенбі күні басталатын "Астана  жаһандық интеграция, қауіпсіздік пен бейбітшілік орталығы" атты xалықаралық парламенттік конференцияға қатысу үшін Астанаға келген Түркия Ұлы ұлттық парламентінің вице спикері Мұстафа Шентоп мырза Юнус Эмре түрік мәдениет орталығында болды. Осы аяда Юнус Эмре түрік мәдениет орталығының директорының міндетін атқарушы Алмагүл Исинадан орталықтың мәденит, өнер және білім саласында атқарып жатқан жұмыстары туралы мағлұмат алды. Шентоп Юнус Эмре институттарының екі ел арасындағы мәдени байланыстардың нығаюына үлкен үлес қосып отырғанын атап өтті. Орталықтың қызметі туралы таныстырылымнан кейін Мұстафа Шентоп мырза оқытушылар құрамы және түрікше курс оқушыларымен әңгімелесті.