Пара Пауэрлифтингт Әлем Чемпионы Назмие Муратлы Нұр-Сұлтанда

Yazıcı-dostu sürüm

Қазақстанның елордасы Нұр-Сұлтанда 2019 жылдың 12-20 шілде аралығында ұйымдастырылып жатқан Пара пауэрлифтингт әлем чемпионатында 45 кг салмақта күміс медаль иеленген ұлттық құрама командасының спортшысы Назмие Мұратлы орталығымыздың қонағы болды.

Паралимпиаданың 2 дүркін чемпионы, 3 дүркін Әлем чемпионы болған  спортшы орталығымыздың түрікше үйренушілерімен кездесіп сұқбат етті. Табысқа жетудің бірінші шарты талап екендігін атап өткен ұлт мақтанышы спортшымыз, курсымыздың оқушыларына мақсатқа жету жолында ешқашан бас тартпауы керектігін айтты. 

Нұр-Сұлтан қаласындағы Юнус Эмре түрік мәдениет орталығы директорының міндетін атқарушы Алмагүл Исина B 1 деңгейіндегі  «Yedi İklim» түрік тілі оқулығында Назмие ханым және оның жетістіктері туралы жазылғанын атап өтіп, аталған кітапты спортшымызға тарту етті.