Нұр – Сұлтанда «Көшпенділер әлемі» фестивалі

Yazıcı-dostu sürüm

Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтанда «Көшпенділер әлемі» фестивалі аясында ұйымдастырылған халықаралық дәстүрлі садақ ату жарысында Қазақстанның атынан Юнус Эмре институты тарапынан ұйымдастырылған «Дәстүрлі садақ ату» курсының түлектері қатысты.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан ұйымдастырылып, 2019 жылдың 28-30 маусым аралығында Түркия, Оңтүстік Корея, Әзірбайжан, Иран, Болгария, Қырғызстан, Мажарстан, Өзбекстан және Моңғолияның қатысуымен өткен фестивальде Қазақстанның атынан финалға «Дәстүрлі садақ ату» курсының түлектері шықты.

2018-2019 жылдары Нұр – Сұлтан Юнус Эмре институты тарапынан екі кезең ашылған «Дәстүрлі садақ ату» курсының түлектері ұлттық және халықаралық әртүрлі жарыстарға қатысып, түрік садақ ату өнерінің танытуын жалғастырып келеді. Қазақстанның атынан жарысқа қатысқан студенттеріміздің бір бөлігі Қазақстанда жақында ашылуы жоспарланып отырған Ұлттық садақ ату командасының мүшелері болып табылады. Жерден садақ атумен бірге, жамбы атуды Түркияга барып шеберлігін шыңдап жүрген Шыңғысбай Ынтымақ пен Ахметов Диас 2019 жылдың 10 маусымында қазақ батыры Нүркен Әбдіровтің 100 жылдығына арналған садақ ату жарысына Нұр – Сұлтан Юнус Эмре институты атынан қатысады.