Мәдениет және туризм министрінің орынбасары профессор Ахмет Халук Дурсун Астанадағы Юнус Эмре институтында болды.

Yazıcı-dostu sürüm

Профессор Ахмет Халук Дурсун Мәдениет және туризм министрінің орынбасары ретіндегі алғашқы сапарын Қазақстанға жасады.  

Кездесулері аясында Түркі кеңесіне мүше мемлекеттердің туризм министрлерінің төртінші жиынына қатысқан профессор Ахмет Халук Дурсун елорда Астанада алдымен Түркияның Қазақстандағы елшілігіне ат басын бұрды.  

Елшілікте Мәдениет және туризм министрінің орынбасарын Түркияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Невзат Уянық қарсы алды. Қарсы алу рәсімінен кейін Дурсун елшілік кеңесшілерімен де кездесті.

Дурсун сапарының маңызы туралы «Тарихымыз ортақ бұл аймаққа деген сүйіспеншілігіміз әрдайым ерекше» деп айта  келе Мәдениет және туризм министрлігінің атқарып жатқан жұмыстары жөнінде де мәлімет берді.

Түркияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Невзат Уянық Дурсун мырзаның шет мемлекетке алғашқы ресми сапарының бауырлас және достас ел Қазақстанмен екіжақты қарым –қатынастағы роліне тоқталып өтті. Сондай –ақ елші  мырза Түркі кеңесіне мүше мемлекеттердің туризм министрлерінің жиынының түркі әлемі үшін маңыздылығын атап өтті.

Мәдениет және туризм министрінің орынбасары Ахмет Халук Дурсун Түркия елшілігінен кейін Астанадағы Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығында болды. Орталықтағы сыныптарды аралап көрген соң түрікше үйренуші оқушылармен әңгімелесті. Профессор Дурсун орталықтың кітапханасына да ерекше қызығушылық танытты.

Юнус Эмре түрік мәдениет орталығының Түркияның танытудағы ерекше ролін тілге тиек ете отырып, «Түрікше әлемнің шар тарабында қолданылады. Біз де Түркия Республикасы ретінде түрік мәдениеті бар барлық жерде болуға тиіспіз және боламыз. Қазақстанда Юнус Эмре орталығында жастармен бас қосып кітап, мәдениет және тіл туралы әңгімелестік» деп сөзін түйіндеді.

Мәдениет және туризм министрінің орынбасары Ахмет Халук Дурсун Юнус Эмре орталығынан кейін Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TIKA) Астанадағы офисіне барды.