ӘЛЕМНІҢ СҰРМЕРГЕНДЕРІ ЫСТАМБҰЛДА БАС ҚОСТЫ

Yazıcı-dostu sürüm

Түрік садақ ату өнеріне ынтық 16 сұрмерген әлемдік құрама командасының финалінде күш сынасады. 

Юнус Эмре институты мен Садақшылар қоры бірлесе атқарып жатқан Садақшылар жобасының арқасында 16 елдің үздік спортшылары Ыстамбұлда бас қосты.

Институттың шет елдегі орталықтарында ашылған курс соңында өткізілген жарыстарда орын алған спортшылар 19 қазанда өтетін Әлемдік құрама финалдық сайыста күш сынасады.

Түрік садақшылық өнерін күллі әлемге танытумен қоса ата спорттың көкжиегін кеңейтіп жаңа спортшылар тартуды көздейтін «Садақшылар» жобасы аясында спортшылар үшін Ыстамбұлда орналасқан «Садақшылар» қорының  оқу -жаттығу ғимаратында арнайы бағдарлама өткізіледі. Олар түрік садақшылық жарысы ережесі бойынша берілетін бағдарламадан кейін 19 қазанда өтетін жарысқа қатысады.

Жарыстан бұрын жобаны таныту мақсатында Садақшылар қорының негізін қалаушы қамқоршылар кеңесі мүшесі Билал Эрдоган, Садақшылар қорының төрағасы, Түркия Президентінің бас кеңесшісі Хайдар Әли Йылдыз және Юнус Эмре институтының төрағасы, профессор Шереф Атеш қатысатын бағдарлама өтеді. Ашылу салтанатынан кейін өтетін жарыста орын алған мергендерге медальдар тапсырылады.

Жарысқа қатысып сертификат алған спортшылар 22 қазанда аяқталатын бағдарламадан кейін өз елдеріндегі Түрік садақ ату өнерін үйрететін курстарда жаттықтырушы болады.

«Садақшылар» жобасы

Юнус Эмре институты мен Садақшылар қоры бірлесе отырып,  2017 жылы 19 қазанда басталған  «Садақшылар» жобасы дәстүрлі түрік садақ ату өнерінің тарихын бұқаралық спорт ретінде өнер, мәдени және  бұқаралық білім жағынан да насихаттауды, әлемге танытуды және осы салада спортшы тәрбиелеп мәдениетаралық диалогға үлес қосуды көздейді.

Былтырғы жылдан бастап, Германия, Босния Герцеговиния, Марокко, Иран, Жапония, Катар, Қазақстан, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы, Ливан, Малайзия, Мысыр, Сербия, Судан және Йорданияда жүзеге асырылған халықаралық дәрежедегі жобаның 2019 жылы 25 елді қамтуы жоспарлануда.