«Қазақстан Түркия Достық Әуендері» Концерті Астанада Өтті

Yazıcı-dostu sürüm

Астанадағы Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы ауқымды іс-шараның өтуіне ат салысты. Қазақстанның Елордасы Астанада Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі, Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы және Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TIKA) Астана координаторлығының  ұйымдастыруымен «Түркия күндері» аясында «Қазақстан –Түркия достық әуендері» атты концерт өткізілді. Концертке Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Невзат Уянык, Астана қаласындағы шетелдік дипломаттар,  Парламент мүшелері, зиялы қауым мен өнер адамдарынан бөлек Түркия азаматтары  да қатысты. Астана тұрғындарының ықыласына ие болған концерт, қаладағы ең үлкен концерт залы «Қазмедиа» киноконцерт залында өткізілді. 900 орындық зал толып, 500- ге жақын өнерсүйер адам  концертті түрегеп тұрып тамашалады.

Концерттің ашылуында сөз сөйлеген Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Невзат Уянык мырза Қазақстанды алғаш таныған мемлекет Түркия екендігіне ерекше көңіл аударып, концерттің Түркия Республикасының 93 жылдығына және Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналғанын атап өтіп, концерттің ұйымдастырылуына үлес қосқан ұйымдарға алғысын білдірді.

Концертте Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрлігіне қарасты «Анкара Түркі әлемі музыкалық ансамблі»  мен Қазақстанның танымал әншілері Кәмшат Жолдыбаева, Димаш Құдайбергенов, Гүлнұр Оразымбетова, Шахризат Сейдахмет, «Ханзада» тобы және танымал қобызшы Ақерке Тәжібаева өнерлерін көрсетті. Түркі әлемі  музыкалық ансамблі түрік және түркі әлемінің түрлі аймақтарының шығармалары мен билерін орындады. Екі елдің өнерпаздары орындаған түрікше және қазақша шығармалар үлкен қошеметке ие болды. Сондай -ақ, түрік өнерпаздары орындаған қазақ әндері көрермендердің ықыласына бөленді. Концерт Түрік әуе жолдарының демеушілігімен өткізілген лоторея ойынымен өз мәресіне жетті. Жолы болғыш  бір көрермен Астана – Стамбұл-Астана  билетін, тағы да бір көрермен смартфон ұтып алды. Қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары  концертке үлкен қызығушылық танытты. «Түркі әлемі музыкалық ансамблінің» солисті Чидем Гүрдал Қазақстан ҰТА-ның «Таңшолпан» бағдарламасында тікелей эфир қонағы болып, «Дударай» әнін орындады. Бишілер Али Шар мен Гөкче Күчүкбахар  халық билерінен үздік үлгілерін ұсынды.

Шараның соңында түрік және қазақ әртістері журналистерге берген сұхбаттарында концерттің көңілдерінен шыққанын және де екі ел арасында достық пен бауырластық байланыстарының нығаюына үлес қосқандары олар үшін үлкен мәртебе екендігін айтты.