Елордалық бүлдіршіндер "Қарагөз -Хадживат" тамашалауда 

Yazıcı-dostu sürüm

 

Юнус Эмре институты Нұр - Сұлтан білім басқармасының қолдауымен Қарагөз -Хадживат қуыршақ театры қойылымын көрсетіп, қазақ балаларға түрік мәдениетін үйретеді. 

Қазақ артистер орындайтын қойылым 7-10 жастағы балаларға арналған. Алғашқысы "SOS" Балалар ауылында өткен қуыршақ театры көрсетілімі  3 сәуірде елордадағы Назарбаев  зияткерлік мектебінде өтті. 

Қазақстанда жыл сайын ұйымдастырылатын "Қарагөз-Хадживат" Түркияда атап өтілетін 23 сәуір Ұлттық егемендік және балалар мерекесі аясында биыл 8 бастауыш мектеп пен 2 балалар үйінде ұсынылады. 23 сәуірде қазақ және түрік балалар бірге тамашалайтын қойылым 9000 бала баратын Оқушылар сарайындағы көрсетіліммен аяқталады.