ДИПЛОМАТТАР СЕРТИФИКАТТАРЫН АЛДЫ.

Yazıcı-dostu sürüm

Үстіміздегі жылдың 16 сәуірінде басталып 25 маусымында аяқталған «Престиж тобы» түрікше курсы оқушылары бүгін сертификаттарын алды. Курсқа Нұр-Сұлтандағы дипломатиялық корпус өкілдері мен ҚР Қарулы күштерінің 2 офицері қатысты. А1-1 деңгейіндегі түрікше курс жалпы 48 сағаттан тұрды. Топта Литва, Иран, Тәжікстан, Македониялық дипломаттар бастапқы деңгейде түрікше үйренді. Курсқа қатысушы Гүлайым Шәрбекова курстың өте нәтижелі өткенін және түрік мәдениетін тану мүмкіндігіне ие болғандарын айта келе, осы мүмкіндікті ұсынған орталығымызға алғыс айтты. Сондай –ақ, қыркүйек айында басталатын курстарымызға келетіндерін де тілге тиек етті.

Нұр-Сұлтан Юнус Эмре Институтында жаңа семестр түрікше курстары қырқуйек айында басталады.