АСТАНАДА «ТҮРКІ ӘЛЕМІ ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ» АТТЫ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ.

Yazıcı-dostu sürüm

2018 жылғы 26 сәуірде Астана Юнус Эмре түрік мәдениет орталығының ұйымдастыруымен Назарбаев университетінде танымал түрік тарихшы, профессор Ильбер Ортайлының  «Түркі әлемі және түркологияның мәселелері» атты конференциясы болып өтті.

Конференцияға Назарбаев университетінің оқытушылар құрамы мен студенттері, Астана халқы үлкен қызығушылық танытты. Астана Юнус Эмре түрік мәдениет орталығының директорының міндетін атқарушы Алмагүл Исина шараның мақсатының «қазіргі таңдағы түркология мәселелеріне шолу жасау, өзекті мәселелерін анықтау, бауырлас екі ел арасындағы ғылыми академиялық байланыстарды нығайту, сонымен қатар Түркі әлеміне қатысты ортақ құндылықтарды насихаттау болып табылатынына» тоқталды.

Шараға қатысқан Түркияның Қазақстандағы Елшісі Невзат Уянык мырза сөйлеген сөзінде «тарихшы Илььер Ортайлының ғылыми тақырыптар мен күн тәртібі туралы ауқымды пікірлерінің білім мен ғылымда жіті қадағаланатынын, ғалымның өзінің қоғамның көшбасшылары арасында орын алатынын атап өтті.

Ильбер Ортайлы баяндамасында «қазіргі түркі тілдері үлкен мәселелерге толы аумақты қамтып жатқанын атап өте келе былай деді:  «Түркі тілдес елдер кең аумаққа тараған. Қытайдан басталып Сібір шекарасына дейін созылып барып, Гималайда бітеді. Иран арқылы Солтүстік Ирак пен Балқан түбегіне дейін шектеседі. Бұл аймақтардағы түркі тілдерінің түгелге жуығы жергілікті халықтың, яғни исі түркі халықтарының өз тілі болып табылады. Яғни, қандай да бір колонизациядан мирас болып қалған тіл емес.

Сондықтан, колонизация тілі болмағандықтан диалектілер мен жергілікті ерекшеліктері болуы мүмкін. Біз бұл тілдердің барлығын жойып, орнына бір әдеби диалектіге айналдырып жіберуге мәжбүр емеспіз. Әсіресе театр сияқты жанрларда түркі тілдерін сақтауымыз қажет. Әдеби шығармалардың барлығын уақыт өткізбей өзара бір бірлеріне аударып, ортақ тілде «Тержүман» сияқты газеттер шығару, телеарна бағдарламаларын жалғастыру». Ортайлы түркі тілдерінің өте икемді тіл екенін де атап өтті және «Бұл тілдер философия мен әскери терминдерге ыңғайлы, компьютерде қолма –қол жазу үшін қиналмай термин табыла кететін тілдер» деді.

Конференциядан кейін профессор Ортайлы тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді. Шараға Қазақстан БАҚ өкілдері үлкен қызығушылық танытты. Казах ТВ атты телеарна Ортайлының конференциясы туралы 4  тілде: қазақша, ағылшынша, қырғызша және орысша сюжет түсіріп жариялады. Шара туралы сондай –ақ Қазақ порталдары мен газеттерінде көптеген мақала жарияланды.

Тарихшы ғалым Астанадан кейін Алматы қаласындағы «Қазақстан» қонақүйінде де 200 кісілік залда конференция өткізіп, Қазақстандық тарихшылар, ғалымдармен кездесті.