АСТАНАДА ТҮРІК САДАҚ АТУ ӨНЕРІН ҮЙРЕТЕТІН КУРСТЫҢ 2 КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛДЫ.

Yazıcı-dostu sürüm

Астанада Юнус Эмре институты мен Садақшылар қоры бірлесе ашқан  түрік садақ ату өнерін үйрететін курстың 2 кезеңі аяқталды.

2018 жылы 13 қарашада Алатау спорт комплексінде басталған садақ ату курсына Астана халқы үлкен қызығушылық танытты. Сабақтар түрік садақ ату бағдарламасы аясында дайындалған қолдан жасалған материалдармен жабдықталған залда өтті. Садақ ату негізі үйретілген курстар Түркияда арнайы білім алған қазақ спортшылар тарапынан жүргізілді. 36 сағаттық курстың соңғы күнінде садақшылар арасында жарыс өткізілді. Әйелдер арасында Анжела Тарыца, ерлер арасында Диас Ахметов бірінші орынды иеленді.

Курстың бірінші кезеңіне де 50 кісі қатысқан болатын. Курс аяқталған соң өткізілген сайыста бірінші орын алған 2 спортшы 2018 жылы қарашада Ыстамбұлда өткізілген Дүниежүзілік финал жарысына қатысқан болатын. Талапқа орай алдағы уақытта да курстар ашу жоспарлануда.