Астанада «Махаббат саған ұқсайды» фильмі көрсетілді.

Yazıcı-dostu sürüm

Бауырлас Түркия мен Қазақстан арасында дипломатиялық байланыстың орнағанына биыл 25  жыл толды. Осы айтулы орай, Астана Юнус Эмре институты Түркияның Қазақстандағы Елшілігінің қолдауымен «Айлық түрік фильмдері» шарасы аясында «Махаббат саған ұқсайды» фильмін 30 қыркүйекте  киносүйер қауымға ұсынды.

Режиссері А. Танер Елхан болып табылатын кино туындының басты ролін Қазақстанда кеңінен танымал Бурак Өзчивит сомдаған. Орысша субтитрмен көрсетілген фильм Қазақстандық БАҚ-тың  үлкен қызығушылығын тудырды. Qazaqstan ҰТА-нда, 24 Khabar каналында фильм туралы сюжеттер көрсетіліп, жазбаша баспасөзде көрсетілімнен бұрын хабарландырулар жасалды. Фильм көрсетіліміне Түркияның Қазақстандағы Елшісі Невзат Уянык мырза, Индонезияның Қазақстандағы елшісі Рахмат Прамоно мырза, Назарбаев университетінің басшыларымен қатар Астаналық киносүйерлер де қатысты. 

«Айлық түрік фильмдері күні» шарасы Астанада ақысыз түрде алдағы айларда «120», «Ертұғырыл 1890» т.б  түрік киносының үздік туындыларымен жалғасын табады.