АСТАНА ЮНУС ЭМРЕ ТҮРІК МӘДЕНИЕТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ КІШКЕНТАЙ ҚОНАҚТАРЫ

Yazıcı-dostu sürüm

Астанадағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 3 сынып оқушылары «Әртүрлі халықтардың салт -дәстүрлерін» зерттеу тақырыбы аясында түрік халқының мәдениеті туралы мәлімет алу үшін Юнус Эмре түрік мәдениет орталығында болды.

Оқушылар түрік халқының салт –дәстүрлері туралы көптеген мәлімет алды. Сондай –ақ ұлттық аспаптар, түрік халық ойындары және ұлттық киімдермен танысты. Жас оқушылар тақырыпқа байланысты әртүрлі сұрақтар сұрап, түрік және қазақ салт –дәстүрлерінің ұқсас тұстарына қайран қалды. Орталықтың мұғалімі Ахмет Шахин түрік халық би үлгілерін оқушылармен бірге билей отырып үйретті.

Назарбаев зияткерлік мектебінің 3 сынып жетекшісі Әдия Қалымбекқызы орталықта өткен кездесуге байланысты алғыс білдіре отырып, орталықтың директорының міндетін атқарушы Алмагүл Исинаға оқушылардың өз қолдарымен жасаған сувенирлерін сыйға тартты.