"Network" деректі фильмі Нұр-Сұлтанда көрсетілді

Yazıcı-dostu sürüm

Ағылшын журналисті Эндрю Уилсон TRT World телеарнасы үшін түсірген (FETÖ)Фетуллах Гүленнің лаңкестік ұйымының шынайы бет бейнесін көрсететін деректі фильмнің көрсетілімі Қазақстанның елордасы Нұр-Сұлтанда орналасқан  Керуен сауда орталығында көрсетілді. Түркияның Қазақстандағы елшілігі мен Юнус Эмре институты тарапынан ұйымдастырылған іс-шараға Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Невзат Уянык, түрік дипломаттар, түрік ұйымдары мен шет елдердің дипломатиялық өкілдері және көптеген қонақтар қатысты.

Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Невзат Уянык фильм көрсетілімі алдында жасаған мәлімдемесінде фильмнің  (FETÖ)  Фетуллах Гүленнің лаңкестік ұйымының шынайы бет бейнесін  әлемдік қауымдастық пен шетелдегі түрік азаматтарына қөрсету мақсатымен түсірілгенін атап өтіп, қазақ халқы мен осы жерде тұрып жатқан шетелдіктерге фильмді көрсету арқылы сатқын лаңкестік ұйымының шынайы бет бейнесі туралы қоғамның дұрыс пікір қалыптастыру жолында қадам жасалғанын айтты. 

Нұр-Сұлтан халқы 1,5 сағатқа созылған көрсетілімге ерекше қызығушылық танытты.