Астанада түрік халық билері курсы ашылады [1]
Астанадағы Юнус Эмре түрік мәдениет орталығы мен Қазақстан Республикасының кәсіби би қауымдастығы бірлесе отырып, 10-12 жастағы балалар мен ересектерге түрік халық билерін үйрететін курс ашады. Курсты Түркияның әлемге танымал «Анадолу оттары» би тобында өнер көрсеткен Мәдина Мұсатаева жүргізеді. Курс аяқталғаннан кейін сертификат беріледі. Курсқа қатысушылар Юнус Эмре орталығы тарапынан ұйымдастырылатын шараларда өнер көрсету мүмкіндігіне ие болады.
Балаларға арналған курс 4 ақпанда басталады| Күндері: дүйсенбі, сәрсенбі және жұма.
Уақыты: 19.00-20.00.
Ересектерге арналған курс 10 ақпанда басталады| Күндері: сенбі және жексенбі
Уақыты: 15.00-16.00
Мекен –жай: Қажымұқан көшесі 1, Renaissance ғимараты, 2 қабат- Би студиясы.
☎️8 7775339130