Түрікше Сөйлесу Клубы Аяқталды

Yazıcı-dostu sürüm

Орталығымыз тарапынан ұйымдастырылған «Түрікше сөйлесу клубы» аяқталды, сабаққа үзбей қатысқан оқушылар сертификаттарын алды. 1 мамыр -19 маусым аралығында өткен түрікше сөйлесу клубы аясында түрік мәдениеті, салт –дәстүрі, тағамдары, білім жүйесі және тағы басқа тақырыптар төңірегінде әңгіме өрбіді. 8 аптаға созылған сабаққа Нұр –Сұлтанда тұратын әртүрлі жас категориясы мен мамандық иелері Қазақстан азаматтары қатысты. Түрікше сөйлесу клубы күз және қыс маусымдарында Назарбаев университеті мен Еуразия ұлттық университетінде ашылған болатын. Келесі жаңа оқу жылында да  клубтың ашылуы жоспарлануда.