НҰРСҰЛТАНДА “ҚАРАГӨЗ –ХАДЖИВАТ” КӨЛЕҢКЕ ТЕАТРЫНЫҢ КӨРСЕТІЛІМІ БАСТАЛДЫ

Yazıcı-dostu sürüm

23 сәуір Ұлттық егемендік және балалар мерекесі шарасы аясында жыл сайын Нұрсұлтанда өткізілетін Қарагөз -Хадживат Куыршақ театрының қойылымы биыл да басталды.  Шара Нұрсұлтан қалалық оқу басқармасының қолдауымен Юнус Эмре түрік мәдениет орталығы тарапынан сәуір айы бойынша ақысыз негізде өткізіледі.

Биылғы жылғы алғашқы көрсетілім 27 наурызда Нұрсұлтандағы «SOS» Балалар ауылының тәрбиеленушілері үшін үйымдастырылды,  шарада балалар  тек қана Карагөз –Хадживат театрының көрсетілімін тамашалап қоймай, Түркия мен түрік мәдениеті туралы әртүрлі мәлімет алды, сұрақтарға жауап берді. Қойылымнан кейін балалар да өз кезегінде өнерлерін көрсетті, оларға Юнус Эмре түрік мәдениет орталығы естелік сыйлықтар таратты. Балалар үйінің басшылығы атынан Үміт Магаудинова алғыс айтты, Юнус Эмре түрік мәдениет орталығы директорының директорының міндетін атқарушы Алмагүл Исина балаларды орталыққа шақырды.

"Карагөз -Хадживатты" соңғы 3 жылда 6000-нан астам бала тамашалады. Қарагөз -Хадживат Куыршақ театрының қойылымы 23 сәуірге дейін Нұрсұлтандағы басқа тоғыз  бастауыш мектепте жалғасын табады.