ҚАЗАҚСТАННЫҢ АСТАНАСЫ НҰР СҰЛТАНДА ТҮРІК ФИЛЬМДЕРІ АПТАСЫ БАСТАЛДЫ.

Yazıcı-dostu sürüm

 «Түрік фильмдері аптасы» Юнус Эмре түрік мәдениет орталығының ұйымдастыруымен ТР Мәдениет және туризм министрлігі кинематография дирекциясының қолдауымен Нұр Сұлтанда басталды. Шараның шымылдығын режиссері Осман Сынав болып табылатын Қазақстан көрерменінің көзайымына айналған Кенан Имирзалыоглу басты ролін сомдаған «Ұзақ хикая» фильмі ашты.

Фильм көрсетілімінен бұрын Юнус Эмре түрік мәдениет орталығының директорының міндетін атқарушы Алмагүл Исина шара туралы қысқа мәлімет берді. Өз кезегінде Исина түрік кино саласының  дамуы туралы сөз ете келе екі бауырлас елдің бір -бірін жақыннан тани түсуі үшін киноның маңызды екенін басып айтты. Сөзін жалғастыра келе Исина көрсетілетін фильмдерге байланысты қысқа мәлімет берген соң, залдағы киносүйер қауымға алғыс айтты.

Фильм көрсетіліміне Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Невзат Уянык, Қазақстан Парламенті деутаттары Сауытбек Әбдірахманов, Омархан Өксікбаев, Қазақстан СІМ Министрінің атынан Орталық Азия, Оңтүстік Кавказия және Түркия департаментінің директоры Ержан Мұқаш, Елшілік қызметкерлері және басқа құрметті қонақтар қатысты.

Қазақстан халқы түрік сериалдары мен фильмдеріне үлкен қызығушылық танытады, осы себепті елордадағы фильм аптасы шарасына да көрерменнің ықыласы ерекше болды. Залда орын таба алмаған көрермендер фильмді баспалдақтарда отырып тамашалады. Көрсетілімнен кейін көрермендер шара ұйымдастырушыларына ризашылықтарын білдіре отырып, алғыс айтты.

 «Түрік фильмдері аптасы» шарасы қазақ баспасөзінде де кең орын алды. Шара қарашаның 25-не дейін Керуен ОСО –ндағы кинозалда жалғасады. Апталық аясында «Бастық істің сәтті аяқталғанын қалайды», «Көбелектің түсі», «Сиқыршы», «Қышқыл алмалар», «Ұмытсам сыбырла», «Ертұғырыл 1890» фильмдері көрсетіледі. Ал шараның шымылдығын Йешилчамның классикалық түрік фильмдерінің үздігі болып саналатын «Қызыл орамалды шынарым» фильмі жабады.