ҚАЗАҚСТАНДА ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КҮРЕСТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫ АТАП ӨТІЛДІ.

Yazıcı-dostu sürüm

Халықаралық Түркі академиясы 17 мамырда Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі және Ю. Эмре атындағы түрік мәдени орталығының қолдауымен Мұстафа Кемал Ататүрік бастаған түрік ұлт-азаттық қозғалысының 100 жылдығына орай «Тарихтан тағылым: Түрік ұлт-азаттық қозғалысы және Ататүрік» атты конференция, Ататүріктің көрмесі және Ататүріктің «Жолдау» еңбегінің қазақша аудармасының тұсаукесер рәсімін өткізді.

Ұлттық академиялық кітапханада өткен шараға Халықаралық Түркі академиясының президенті профессор Дархан Қыдырәлі, Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Невзат Уянык, Әзірбайжанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рашад Маммадов, Қазақстан Парламенті депутаты Нұрлан Дулатбеков, Түркияның мекемелері мен ұйымдары өкілдері, дипломаттар мен ғалымдар қатысты.

Шара аясында Ататүріктің  Халықаралық Түркі академиясы тарапынан қазақшаға аударылған «Жолдау» шығармасының тұсаукесер рәсімі өтті.

Тұсаукесер рәсімінен кейін Ұлт –азаттық күрестің 100 жылдығына арналған «Тарихтан тағылым: түрік ұлт-азаттық қозғалысы және Ататүрік» атты конференция болды.  Конференцияда Халықаралық Түркі академиясының президенті профессор Дархан Қыдырәлі, Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Невзат Уянык, Еуразия ұлттық университеті түркология кафедрасының меңгерушісі, профессор Мырзатай Жолдасбеков, професор Әділ Ахметов, Парламент Мәжілісінің депутаты Нұрлан Дулатбеков және Еуразия университеті профессоры Сатай Сыздықов баяндама жасады.

Шара соңында Нұр-Сұлтандағы Юнус Эмре түрік мәдениеті оқушылары Ұлт –азаттық күрес тақырыбына арналған өлеңдер оқыды.