Қазақстанда 15 Шілде Демократия Және Ұлттық Бірлік Күніне Орай Еске Алу Рәсімі

Yazıcı-dostu sürüm

Түркияның Қазақстандағы Елшілігі мен Юнус Эмре түрік мәдениет орталығының бірлесе ұйымдастыруымен "15 шілде Демократия және ұлттық бірлік күніне" орай еске алу рәсімі өтті. Елшілік ғимаратында өткен рәсімде Қазақстандағы шетелдік миссиялардың басшылары, Қазақстандаңы түрік мекемелері мен ұйымдары, БАҚ өкілдері мен көптеген қонақтар қатысты.

Еске алу рәсімінен бұрын Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Невзат Уянык Қазақстандағы ұлттық және жергілікті баспасөз өкілдерімен кездесіп, қазақ қоғамына 15 шілде Демократия және ұлттық бірлік күнінің маңызы жөнінде мәлімет берді.

 

Шәйіттер бір минут үнсіздікпен еске алынып екі елдің ән ұрандары орындалды. Еске алу рәсімінде сөз сөйлеген Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Невзат Уянык тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің 15 шілдедегі опасыз төңкеріс әрекетінен кейін Түркияға сапармен келген алғашқы мемлекет басшысы екенін еске салып, Назарбаевтің  басшылығымен дос және бауырлас Қазақстанның көрсеткен қолдауын ешқашан ұмытпайтындығын атап өтті. 

Елші Невзат Уянык Фетхуллах Гүленнің лаңкестік ұйымына (FETÖ) қарсы күрестін күшейтіліп, нақты нәтижелерге қол жеткізу бағытында Қазақстандық билік өкілдерімен тығыз байланыста екеніндігін атап өтіп,  «Бауырлас қазақ елінен Фетуллах Гүленнің лаңкестік ұйымына (FETÖ) / PDY  қарсы бұдан да нәтижелі күрес жүргізуін күтеміз. Бұл бағдарда Түркия Қазақстанға барлық қолдауды көрсетуге дайын екендігі жөнінде» айтты. Шетелдегі Фетуллах Гүленнің лаңкестік ұйымының (FETÖ) құрылымы мен байланыста болғандарға қарсы күрестің  ұзақ мерзімді болатындығын баса айтқан елші Невзат Уянык бұл бағыттағы жұмыстардың табанды түрде жалғасатынын атап өтті.

Юнус Эмре түрік мәдениет орталығының студенттері 15 шілде күні шәйіт болғандарға арнап жазылған өлеңдерді оқыды. Артынша ағылшын журналисті Эндрю Уилсон TRT World телеарнасы үшін түсірген (FETÖ) Фетхуллах Гүленнің лаңкестік ұйымының шынайы бет бейнесін көрсететін "The Network" атты деректі фильм көрсетілді.

Еске алу рәсімінің соңында қонақтар Анадолы агенттігі тілшілерінің 15 шілде төңкеріс әрекеті кезінде түсірген суреттерден тұратын көрмесін тамашалады.  "The Network" атты деректі фильм мен сурет көрмесі 1 апта бойы жалғасады.