Азия елдері түрікше сөйлесу клубында бас қосты
02.06.2020
Нұр-Сұлтан, Куала- Лумпур, Токио мен Мельбурн Юнус Эмре институттары тарапынан Азия елдері сөйлесу клубының сабағы болды. Сабаққа аталған елдердегі курс тыңдаушыларымен қатар АҚШ, Түркия, Польша мен Моңғолиядан да қатысты.
"Covid-19 пандемиясы кезіндегі күнделікті тұрмыс" деген тақырыппен өткізілген шарада екі сағат бойы оқушылар күнделікті өмірлері, жинақтаған тәжірибелері мен ұсыныстары туралы сөйлесу мүмкіндігіне ие болды.
Аймақтық деңгейде ұйымдастырылған осы шара қатысушылар үшін өте пайдалы болды. Өйткені олар түрікше сөйлеу дағдыларын дамытумен қатар басқа аймақтарда тұратын адамдармен танысты. Бұл оларға үлкен бақыт сыйлады.
Шараның алдағы уақытта басқа тақырыптарда өткізілуі жоспарлануда.