АСТАНАДА «ПРЕСТИЖ ТОБЫ» АТТЫ ТҮРІКШЕ КУРСЫ АШЫЛДЫ!

Yazıcı-dostu sürüm

Орталығымызда Астанада орналасқан шетелдік дипломатиялық корпустың жоғары қызметтегі өкілдері мен отбасылары және сондай –ақ  Қазақстандық бұқаралық ақпарат өкілдеріне арналған түрікше курстар ашылды.

Дипломаттар тобы аптада екі күндік, жалпы 48 сағаттық;  ал журналистер тобы болса аптада 3 күндік жалпы 72 сағаттық бағдарламамен оқиды. Курсқа қатысушылар түрік тілімен қоса, Түркия және түрік мәдениеті туралы мәліметтер ала алады.

«Престиж тобының» алғашқысы 2017 жылы көктем мезгілінде ашылған болатын. Одан бұрын да арнайы топтар ашылып, Қазақстанның әртүрлі ұйымдары мен мекемелерінің қызметкерлеріне түрік тілі мен  мәдениеті дәрістері берілді.

«Престиж тобының» сабақтары шілде айына дейін жалғасады.