АСТАНАДА 23 СӘУІР ҰЛТТЫҚ ЕГЕМЕНДІК ЖӘНЕ БАЛАЛАР МЕРЕКЕСІ АТАП ӨТІЛДІ.

Yazıcı-dostu sürüm

23 сәуір Ұлттық егемендік және балалар мерекесіне орай, Түркия елшілігі мен орталығымыз бірлесе отырып елшілік ғимаратында шара ұйымдастырды. Шараға Түркияның Қазақстандағы елшісі Невзат Уянык, елшілік пен орталығымыз қызметкерлерімен қоса «SOS»  Балалар ауылы мен «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тәрбиеленушілері қатысты.

Елші Незват Уянык Ататүрік балаларға тарту еткен 23 сәуір Ұлттық егемендік және балалар мерекесінің маңыздылығына тоқталғаннан кейін балалармен жеке –жеке сәлемдесті. Қалыптасқан дәстүр бойынша осы күні барлық ұйымдар мен мекемелердің басшылары өз креслоларына балаларды отырғызады. Осы дәстүрге сай, елші мырзаның креслосына Астанадағы Юнус Эмре түрік мәдениет орталығы ашқан Түрік халық билері курсы балалар тобының бишісі Лаура Алдабергенова, «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тәрбиеленушілері Әділет Жақсылық, Нәби Темешов отырды. Қазақ балалар елші мырзаның осы тосын сыйына алғыс айта отырып, өз жүрекжарды тілектерін айтты.

Шарада  «SOS»  Балалар ауылы қызметкері Үміт Магаудинова  қонақжай шақыруға мен көрсетілген құрметке рахмет айта келе елші мырзаға ұжым атынан «Алғыс хат» тапсырды.

Салтанатты рәсімде Түркия мен Қазақстан ән ұрандары орындалды. Осыдан кейін шара концерттік номерлермен жалғасын тапты.  Бағдарламада Юнус Эмре түрік мәдениет орталығы ашқан Түрік халық билері курсы балалар тобы «Чифтетелли» биін биледі, «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тәрбиеленушілері Әділет Жақсылық пмен Сергей Бабченко «Көктем» және «Одуванчик»; «SOS»  Балалар ауылы тәрбиеленушілері Аделина Мусина, Артем Дуванов пен Ислам Турдиев «Кір қоймас»  атты өлеңдерді мәнерлеп оқып, көрермендердің ықыласына бөленді.

Концерттік бағдарлама «Қарагөз –Хадживат» қуыршақ театрының көрсетілімімен жалғасты, осыдан кейін балаларға түрік астары ұсынылды, аниматорлар мен бет бояйтын шеберлер балаларға өз өнерлерін көрсетті. Сондай –ақ, балалар «Қазақстан –Түркия достығы» атты  көрме суреттерін тамашалады.  Шараға қатысқан барлық балаларға әртүрлі сыйлықтар берілді.