Мәдениет және дипломатия

Мәдениет және дипломатия

Yazıcı-dostu sürüm

АЛҒЫ СӨЗ

2009 жылдан бастап Юнус Эмре институты әлемнің ірі қалаларында түрік мәдени орталықтарын ашу арқылы мәдени, лингвистикалық және ғылыми дипломатияны жүзеге асыруда. Түркияның ғасырлар бойы жинаған аса үлкен мәдениеті сөзсіз Юнус Эмре институтының қызметіне нұсқаулық болуда. Бүгінгі күні кейбір елдерде бірден көп орталық қызмет атқаруда. Америка, Алмания, Австрия, Албания, Әзірбайжан, Бельгия, Босния және Герцеговина, Алжир, Грузия, Франция, Марокко, Нидерланд, Англия, Иран, Италия, Жапония, Черногория, Қазақстан, Катар, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы, Косово, Ливан, Венгрия, Египет, Македония, Малайзия, Молдова, Пәкістан, Польша, Румыния, Ресей, Сербия, Сенегал, Сомали, Судан, Иордания және Украинада барлығы елу төрт (54) Юнус Эмре институты ғылыми және мәдени дипломатия құралдарын пайдалана отырып шет елдерде Түркияны жақсы жағынан танытуға тырысуда.   

Түркияны халықаралық аренада таныту, сенімділік пен беделін арттыру сияқты үлкен жауапкершілікті мойнына алған Юнус Эмре институты әлемнің төрт түпкірінде Түркиямен қарым-қатынасқа түскен және достық қарым-қатынасты қолдайтын адамдар санын көбейту үшін жұмысын жалғастыруда. Орталықтарымыз жұмыс істейтін елдердің ғылым, өнер, мәдениет және білім беру саласында қызмет атқаратын көрнекті тұлғаларына заманауи Түркияның мүмкіндіктерін түсіндіру – басты міндеттеріміздің бірі. Қоғамдарарасы ынтымақтастық пен диалог арналарының ашық болуы, интеллигенция арасындағы байланыс пен бірлескен жұмыс топтарының құруға тек қана ғылыми-мәдени жолмен қол жеткізуге болатындығын білеміз. 

Түркияның ғылыми және мәдени мүмкіндіктерін көрнекті ғылым және мәдениет өкілдеріне түсіндіру – сөзсіз үлкен дипломатиялық қадам. Бұның тек қана Түркия үшін емес, сонымен қатар қарым-қатынас жасаған барлық мемлекеттер үшін маңызды екенін білеміз.

Бүгінде Түркияның әлем бойынша 134 елшелегі, 81 консулдығы, 12 тұрақты өкілі мен 1 сауда офисынан тұратын 228 шетелдегі өкілдігі бар. Түркияның алғашқы Лондондағы елшісі Юсуф Агях Эфендиден кейінгі бұл үрдістер, әрине өте маңызды болып табылады.  Еліміздің белсенді сыртқы саясаты елшілеріміздің арқасында жүзеге асырылады. Қолыңыздағы бұл кітапта Юнус Эмре институттары ашылған елдерде жұмыс істейтін елшілеріміздің естеліктері мен әсерлері жазылған.

Юнус Эмре институты ашылған елдердің елшілері жазған естеліктерінен көріп отырғанымыздай, мекеме құру кезеңінде не болғанын, қандай қиындықтар туындағанын және іс-әрекеттер қалай жүзеге асқанын, кеше қандай еді, бүгінгі күні қалай болғанын білуге болады.

Юнус Эмре институтының құрылған күнінен бастап бүгінге дейін бізден көмегін аямаған барлық елшілерге, сонымен қатар бұл кітаптың жазылуында үлкен еңбегі бар Үміт Ярдым мырзадан бастап, Аднан Кечеджи, Ахмет Йылдыз, Инан Өзйылдыз, Каан Эсенер, Мехмет Кемаль Бозай, Оғыз Демиралп, Өмүр Шөлендил, Сонгүл Озан, Сүпхан Эркулаға және Сыртқы істер министрлігіне алғысымды білдіремін.

Профессор Шереф Атеш

Юнус Эмре институтының басшысы

 

Мәдениет және дипломатия

Юнус Эмре институты Мәдени дипломатия академиясының басылымдары

 

Редакторлар: Профессор Шереф Атеш, Мелих Барут

Бас координатор: Шенол Селчук Туран

Редакциясы: Фатманур Самасты, Хүмейра Гөрмез Темрен, Халил Ибрахим Элсыкма

ISBN: 978-605-2097-06-9